ЖАҢЫЛЫҚТАР

 

№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы және Академик Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы бірлескен қызмет туралы шарт жасасып, дәрігерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізетіні туралы хабардар етеміз.

№2 КҚБА білім беру кызметтерін көрсету үшін институционалдық аккредиттелген, оқытушылар құрамына медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғары санатты дәрігерлер, Астана қаласының бас штаттан тыс мамандары кіреді. Сондай-ақ №2 КҚБА ҚР өңірлері бойынша көшпелі шеберлік сабақтарын, шетелдік мамандарды тарта отырып, халықаралық шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. №2 КҚБА тиісті клиникалық базамен, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, емдеу іс-шараларын, хирургиялық араласуларды жүргізуге арналған жоғары мамандандырылған заманауи жабдықпен жарақтандырылған.

Курс тыңдаушылары жаңа теориялық білім алып және тар бейінді мамандандырылған балалар бөлімшелерінің базасында ота залында ассистенция жасай отырып, одан әрі оз клиникаларында пайдалану мақсатында практикалық дағдыларды игере алады.

Курстарға травматология (балалар), ортопедия (балалар), комбустиология (балалар) бейіндері бойынша дәрігерлер ақылы негізде шақырылады.

Курс аяқталғаннан кейін тындаушыға белгіленген үлгідегі біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі. Осыған байланысты, мүдделі заңды және жеке тұлғалардан білім беру іс-шараларына катысуға өтінімдер мен ұсыныстарды жіберуді сұраймыз.

Стратегия және білім беру департаменті электрондық пошта

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

ұялы телефон – 8 747 650 04 11, жұмыс телефон 8 (7172) 70 97 64.

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.