Балалар мен жасөспірімдердің улануы — алаңдатарлық жағдай. Соңғы айларда улану диагнозымен ауруханаға түскен балалар мен жасөспірімдердің саны артып отыр.
Сәбилер сірке суын, дәрілерді, тұрмыстық химиялық заттарды байқамай ішіп қояды. Бар болғаны бір сәттік қателік – және бала ауыр күйікпен немесе ішкі ағза зақымымен жансақтау бөліміне түседі.
Ал жасөспірімдер кейде ішкі күйзелістен арылу немесе назар аударту үшін әдейі дәрі ішіп, өз өміріне қауіп төндіреді.
Химиялық заттар мен дәрі-дәрмектер — аса қауіпті. Олар бала ағзасына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
Дәрілер мен химиялық заттарды қолжетімсіз жерде сақтау — әр ата-ананың міндеті. Баланың сыртқы ғана емес, ішкі күйін де бақылаңыз. Уақытында байқасаңыз — өмірін сақтап қаласыз.