ЖАҢЫЛЫҚТАР

Астанада жаңа травматологиялық пункт жұмыс істейді. № 2 КҚБА (Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы) травматологиялық пунктінің филиалы Желтоқсан көшесі, 34 мекенжайындағы №2 емхана базасында орналасқан.

Мұнда біздің дәрігерлер жұмыс істейді.

Травматологиялық пункт 24/7 жұмыс істейді. Қабылдауды балалар травматологтары екі ауысымда жүргізеді. 18 жасқа дейінгі жарақат алған балалар қабылданады. Қабылдауға тексеру, аяқ-қолдардың рентгенографиясы, алғашқы медициналық көмек, тігістер, аяқ-қолдардың иммобилизациясы кіреді. Егер пациентке стационарлық көмек қажет болса, онда ол № 2 КҚБА (Қошқарбаев, 64) жіберіледі.

Балалар травматологиясының жаңа пункті ашылғаннан бері 323 пациентке көмек көрсетілді. Айта кетейік, жарақат алған балаларды жедел медициналық жәрдем бригадасы жеткізеді. Сіз сондай-ақ өз бетіңізше жүгіне аласыз.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.