Ата-аналарға ескертпелер

Жасөспірім жасы -  әлсіздігі басым болатын уақыт. ДДСҰ ұйғарымы бойынша жасөспірімдердің  АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупіне осалдығы мінез-құлықтың қауіпсіз үлгісін таңдай алмауынан екен. Бұл АИТВ жұқтыру қаупіне алып келеді. 

Жасөспірімдердің осалдығы күшейтуге ықпал ететін факторлар:

 

  •   Психикалық белсенді заттарға (бұдан әрі - ПБЗ) тәуелділік;
  •   сексуалдық пайдалануға тарту (жасөспірімді секске мәжбүрлеу немесе мүшеқапсыз сексе қосымша төлеу)
  • гендерлік теңсіздік, гендерлік таптаурындардың қолданылуы (бойжеткен сексте мүшеқапты ұсына немесе пайдалануды талап ете алмайды) мер адамның мінез-құлқына қатысты қолданылатын таптаруындарға қарай жастардың осалдығы:

 «мықты болу керек, бәрін байқап көруден қорықпау керек», «жыныстық қатынас үшін әріптес көп болу керек және т.б.»

  • осал жасөспірімдердің стигматизациясы мен кемсітушілігі оларға медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қиындатады және т.б.

  Осалдың деңгейін тұрақтандыруға немесе төмендетуге қабілетті негізгі қорғану факторлары:

  •   ата-аналарымен сенімді қарым-қатынас;
  •   қолайлы мектеп ортасы, жасөспірімдерге педагогтар ратанынан көңіл бөлу;
  •   жақсы дамыған өмірлік дағдылар;
  •   барабар өзін-өзі бағалау, эмоционалдық тұрақтылық;
  • жақсы дамыған өмірлік дағдылар – араласа, келісе білу, дауды шеше, өз ойында тұра білу, «жоқ» деп айта білу, қатарластары мен ересектер тарапынан қысымға берілмеу;
  •   қоғамдық өмірге белсене тартылу;
  •   Сапалы медицналық-әлеуметтік қызмет, психологиялық көмек пен қолдаудың қолжетімділігі.

АИТВ инфекциясы деген не?

АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусымен туындайтын ауру, иммун тапшылығы – ағза түрлі инфекцияға қарсы тұра алмайтын жағдай.

АИТВ адамның иммундық жүйесін зақымдайды, уақыт өте келе АИТВ көбеюіне ғана емес сонымен бірге басқа да инфекциялардың (мысалы, туберкулез, зең, тіпті ЖРВИ) көбеюіне қарсыласу мүмкіндігінен айырады, салдарынан иммундық жүйе жұмысы әлсіреп, жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы дамиды.

ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығы, бұл АИТВ инфекциясы дамуының терминалдық сатысы. Көп жағдайда ол жұқтырған кезден бастап ұзақ кезеңнен кейін дамиды, ол кезде адам күрт арықтап, көпке созылатын безгекпен (ауруды сезін, терлеу, қалтырау), диареямен  зардап шегеді. Иммундық жүйесі қатты әлсірейді. Оның аясында көптеген инфекциялық аурулар дамып,  қатерлі ісік пайда болуы мүмкін.

  АИТВ жұқтырудың негізгі жолдары:

  •   Сақтанбаған жыныстық байланыс. Жыныстық қатынас кезінде шырышты органдарда микроскопиялық зақымдану пайда болады, ол арқылы инфекция қанға өтеді. Жыныс органдарының микрофлорасы кез келген жұқпалы аурумен күреседі және оның алдын ала алуы мүмкін, бірақ жұққан жасушаның көптігінен, оның күресуге шамасы жетпей қалады.
  • Қан арқылы. АИТВ-инфекциясын қан арқылы  жұқтыру – ауруды жұқтырудың ең көп таралған түрі. Қауіпті вирус  - бірреттік шприц пен инені көп адам қолданғаннан, залалсыздандырылмаған хирургиялық аспаптан, косметологиялық және стоматологиялық жабдықты пайдаланудың гигеналық талаптарын сақтамаудан жұғуы мүмкін.
  • -   Оларды алдын ала тестілеусіз қан не плазма құю;
  • Оларды алдын ала тестен өткізбей, қан және плазма құюдан, АИТВ оң анадан балаға жұғуы ықтимал, жүктілік уақытында ауруды емдемегеннен, есірткі, алкоголь, темекі шеккеннен, босануға дұрыс дайындалмағанда АИТВ жұқтыру мүмкін.

  АИТВ қалай жұқтырмауға болады?

  • Қол алысқанда, заңымданбаған тері вирус үшін табиғи еңсерілмейтін тосқауыл болып табылады,  сырылған, кішкене жара арқылы вирустың өту ықтималдығы төмен, тек вирустан таза  адамның зақымданған терісіне вирусы бар   қанның көп мөлшерін ұзақ белсенді  ысқылау кезінде ғана орын алуы мүмкін.
  •   Қан кетумен сүйемелденетін тере жара кезінде тері бетіндегі қан ішке кірмейді, жарадан ағып кетеді, инфекциялық ауру қоздырғышына (оның ішінде АИТВ) ішке енуіне мүмкіндік бермейді.
  • Ашық ауада инфекцияның осалдығының арқасында ретрвирустың өмір сүрі ұзақтығы 12 секундтан 3 минутқа дейінді құрайды. Нақты жұқтыру үшін көп биологиялық жұққан сұйықтық (мысалы, қан) қажет.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.