Ата-аналарға ескертпелер

Жүрек-қан тамырлары жүйесін, қаңқа бұлшықетінің тінін нығайту, инфекциялық емес аурулар тәуекелін төмендету үшін физикалық белсенділіктің мынадай практикасы ұсынылады:

  1. Балалар 5 жастан бастап күн сайын орташадан жоғары қарқындылыққа дейін, жалпы, кемі 60 минут физикалық белсенділікпен айналысуы тиіс.
  2. Күніне ұзақтығы 60 минуттан асатын физикалық белсенділік олардың денсаулығы үшін қосымша пайда алып келеді.
  3. Күнделікті физикалық белсенділіктің басым бөлігі аэорбика болуы тиіс. қаңқа-бұлшықеттік тінді дамыту бойынша жаттығуды қоса алғанда, жоғары қарқынды физикалық белсенділік кем дегенде, аптасына үш рет орындалуы тиіс.

Физикалық белсенділікпен күнделікті айналысу, жалпы 60 минутқа созылуы тиіс. Алайда бұл жаттығуларды бір күн аралығында   ұзақтық блоктарын бөліп айналысуға болады (мысалы, 30 минуттан 2 рет).

Бейтарап өмір сүретін балалар мен жастарға ақыр соңында жоғарыда көрсеткен мақсатқа жетуі үшін белсенділікті үдемелі арттыру ұсынылады. Ол үшін  аз көлемінен бастап, ұзақтықты, жиілікті, қарқындылықты біртіндеп ұлғайту қажет.

Қазіргі кезеңде дене шынықтырумен айналыспайтын балалар үшін ұсынылған деңгейден төмен көлемде белсенділік таныту оның мүлдем жасамағанына қарағанда, көп пайдасын тигізетінін есте сақтаған жөн.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.