Бүгінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көптеген проблема жинақталып қалды. Біз олардың себептеріне терең талдау жүргізіп, оларды жедел шешуге кірістік.
Мысалы, менің ойымша, мониторинг жүргізу процесін реттеуден бөлек, медициналық ұйымдардың тарапынан қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Қор қолданатын шаралардың «қаталдығын» біраз жұмсартатын уақыт келді.
Мұнда бақылау механизмінің барынша икемді әрі теңгерімді болуына мән беру туралы айтылуда.
Алдағы екі айда қандай өзгерістерді күтуге болады?
Бірінші. Қор «алдымен төлем — содан кейін мониторинг» қағидатына көшеді (барлық ықтимал кемшіліктер бойынша қайта тексерудің аяқталуын күту қажет болмайды).
Екінші. «Сызықтық шкаланы» ай сайын емес, тоқсан сайын қолдану мүмкіндігі енгіземіз, бұл жоспарды бір айда асыра орындауды екінші айда орындамаудың орнын толтыруға мүмкіндік береді (алайда, медициналық ұйымдардың өздері нақты жоспарлау мен әрекет етуді қажет етеді).
Үшінші. «Қосарланған алым» мүмкіндігін жоямыз – қарапайым тілмен айтқанда: егер анықталған бұзушылықтар (кемшіліктер) бойынша сома алынған болса, онда сызықтық шкала бойынша қосымша алым жүргізілмеуі мүмкін.
Біз қаржылық тәртіптің маңызын жақсы түсінеміз, бірақ пациенттердің нақты қажеттіліктері мен дәрігерлердің мүмкіндіктері де соншалықты маңызды. Сол себепті біз тепе-теңдікті табуға тырысамыз.
Біздің мақсатымыз — әділ, ашық әрі түсінікті жүйе құру, мұнда дәрігер жүйемен күреспей, өз жұмысын атқаруы тиіс.