ЖАҢЫЛЫҚТАР

Қазақстанда дәрігер болып жұмыс істеу күннен күнге қауіпті болып жатқандай ма?

Жұмыста жарақат алу немесе кәсіпті тастау – қалай ойлайсыз – жақсы таңдау ма?

Дәрігерді жауындай көретін пациенттер бар. Жақында біздің ауруханада кезекті бір оқиға болды. Дәрігер әйелді баланың әкесі соққыға жықты. Мыңдаған риза болған пациенттердің арасынан осындай бір оқиға орын алса бітті – көңілге түскен кірбің көпке дейін кетпейді. Іс сотқа берілді.

Дәрігерлер сіз сияқты адам екенін естен шығармауыңызды өтінеміз. Оларды да, сізді сияқты үйінде жұбайлары, ата-анасы мен балалары күтеді. Олар да пациенттер сияқты сезім кешеді, олар да күледі, жылайды, барша қазақстандықтар баратын дүкендерге олар да барады.

Өзіміздің медқызметкерлерді жәбірлеуге жол бермейміз! Егер дәрігер немесе мейіргер кінәлі болса – жұмыс істейміз! Бірақ оларды ұрып-соғуға, балағаттауға, қорлауға ешкімге рұқсат етпейміз.

Біздің аурухана әкімшілігіне, Светлана Анатольевна Абдырова бастаған кәсіподақ комитетіне, «Мереке» қорына «Мектепке жол» жобасын ұйымдастырғаны үшін сүзгі бөлімшесінің қызметкерлері Н.М. Үсенова, А. Д. Қасымова алғыс білдіреді.

«№2 МГДБ әкімшілігіне, кәсіподақ комитетіне және «Мереке» қорына мектеп керек-жарақтарын сатып алудағы қайырымдылық көмегі үшін, бірінші қыркүйекке балаларымыз үшін 20 000 сомаға сертификаттар үшін алғыс білдіреміз. Мейірімділігі үшін рахмет. Барлық әріптестерімізге одан әрі өркендеу, істе табыс және бақыт тілейміз», - дейді біздің қызметкерлер.

«Мектепке жол» жобасы бойынша біздің кәсіподақ комитетінен 64 бала сыйлық алды. Біздің қызметкерлердің 48 баласы 20 000 теңгеге сертификат алды. Бұл толық емес отбасылар мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан бірінші сынып оқушылары. Сондай-ақ, көпбалалы отбасылардан шыққан тағы 16 бала «Мереке» қорынан сыйлықтар алады.

Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру қызметі (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) енді Қазақстан Халық банкі, ЦентрКредит Банкі және Kaspi Bank мобильді қосымшаларына енгізілді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексерудің және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсетудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Енді бұны кейбір екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) мобильді қосымшаларында жасауға болады.

Алдағы 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені Халық банкінің қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін Halyk мобильді қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС» бөлімшесінде ЖСН жазу керек. Halyk арқылы медициналық ұйымға тіркелгені туралы ақпарат қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтерге» кіріп, «Анықтамалар» батырмасын басқан кезде тұрғылықты мекенжайы, емхананың атауы, тіркелген күні көрініп тұрады.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.