ЖАҢЫЛЫҚТАР

Бала 5 қыркүйекте бір жасқа толды. Дәл осы күні оған ота жасалды, оны жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Жаңабылұлы Оразалинов сәтті жүргізді. Баланың анасы тұсаукесерді дәл осы дәрігерді өткізуін өтінді.

Баланы ота сәтті аяқталуымен құттықтаймыз, зор денсаулық тілейміз, оның өмірінде әрқашан тегіс жол болсын!

Бүгін, 4 қыркүйек №2 КҚБА базасында Пусан ұлттық университеті госпиталінің (ПҰУГ) омыртқа орталығының меңгерушісі, профессор Ли Джонг Соп Спина бифида ауыр диагнозы бар 18 пациентке кеңес береді. Кеңес беруді AYALA қайырымдылық қоры ұйымдастырады. Профессор Ли Джонг Соп өз саласының жетекші маманы және «Корея хирургия, остеопороз қоғамы», «Мойын омыртқасын зерттеудің Азия-Тынық мұхиты қауымдастығы» сияқты бірлестіктердің мүшесі. Бұл бастама 2016 жылдан бастап жетекші аймақтық медициналық технологияны дамыту бойынша Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің қолдауымен жүргізіліп келеді. Бұл жолы профессор Ли Джонг Соптың өзінің демалыс кезінде өзі бастама етті. Осы жолы оңтүстік кореялық жетекші профессор-ортопед біздің клиникада балаларға консультация беріп қана қоймай, сонымен бірге қазақстандық дәрігерлерге арналған семинарды да тегін өткізіп жатыр.

Тағы мақалалар...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.