Сатып алулар

 

Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушімен ұсынылған баға ұсынысы хабарландырумен, сатып алу туралы шарт жобасымен, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігімен көзделген сұрату шарттарына сәйкес, оның тауарды жеткізуді жүзеге асыруға берген келісімінің нысаны болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін  1 (бір) баға ұсынысын конвертпен жапсырылған күйде ұсынады, ол мынадай құжаттарды қамтиды:

  1. Хабарландыруға қоса берілген қосымшаға сәйкес, нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен (бар болса) таңбаланған және қол қойылған бағалар кестесі. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына жеткізумен байланысты барлық шығындар, оның ішінде салықтар кіреді;
  2. Лицензиялау немесе рұқсат рәсімдері арқылы рұқсат органдарымен жүзеге асырылатын әрекеттерді (операцияларды) іске асыру арналған жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсат;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №375 қаулысының 4-тарауымен белгіленген талаптарға ұсынылған тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттар.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруға (бұдан әрі-хабарлама) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (хабарламаға №1 Қосымша, баға ұсынысының нысаны (хабарламаға №2 Қосымша) тізімі қоса беріледі және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Баға ұсыныстары көрсетілген жапсырылған конверттің беттік жағында әлеуетті өнім беруші:

  • әлеуетті өнім берушінің атауын, орналасқан мекенжайын, байланыс телефонын, электрондық мекенжайын,
  • сатып алуды ұйымдастырушының атауын, орналасқан мекенжайын,
  • қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы ұсынылатын тауарларды сатып алу атауын көрсетеді.

Белгіленген ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған және/немесе хабарландырудың 9-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған баға ұсыныстары көрсетілген конверт әлеуетті өнім берушіге кері қайтарылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алу қорытындысын бекіту туралы шешім сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жарияланады (www.2kqba.kz).

Сатып алуды ұйымдастыруға уәкілетті өкіл: Г.С. Жунусова, мемлекеттік сатып алу бөлімінің менеджері, тел: 8 (7172) 70-97-75.

 

Қосымшаны сақтау...

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.