ЖАҢЫЛЫҚТАР

2022 жылғы 20 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" МКК (Кәсіпорын) әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 05 мамырдағы Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 05 маусымда өтетін республикалық референдумда дауыс беруге шығарылған ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын түсіндіру бойынша еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кәсіпорын директоры Г.Кулушева алғы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын, олардың елдің табысты дамуы үшін қажеттілігін атап өтті және ұжымды отбасы мүшелерімен бірге белсенді дауыс беру үшін учаскелік сайлау пункттеріне баруға шақырды.

Бұдан әрі, заң бөлімінің басшысы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша қысқаша түсініктеме берді, содан кейін Кәсіпорын ұжымына Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтыруларды атап өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Е.Т. Кариннің бейнеролигі көрсетілді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.