ЖАҢЫЛЫҚТАР

 

№2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» бірлесіп аурухана қызметкерлері үшін «Донор күнін» ұйымдастырды.

Донор латынның "donare" — "сыйлау" сөзінен шыққан. Қан донорлары реципиентке көп жағдайда өмір сыйлайды.

Қан мен қан өнімдерін құю жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан зардап шегетін пациенттердің өмірін ұзартуға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. 

Қауіпсіз қан және оның өнімдері мен оларды құю қызметтері медициналық көмек пен қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жұмыс күн сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға, сондай-ақ көптеген пациенттердің өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қанға деген қажеттілік бәріне бірдей, алайда оған мұқтаж адамдарға бірдей қолжетімді емес.

Пациенттердің қауіпсіз қан мен қан өнімдерінің жеткілікті қорына қол жеткізуін қамтамасыз ететін Трансфузиология орталығына алғыс білдіреміз.

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.